From Wikipedia, the free encyclopedia
Сарықұйрық немесе Мысыр құтаны (лат. Bubulcus ibis) - тропиктер және субтропиктер тұрғыны, бір ғана туыстың (Сарықұйрық құтандар туысы - лат. Bubulcus) жалғыз өкілі.
Мысыр құтаны | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Breeding-plumaged adult of nominate subspecies
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Bubulcus ibis (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Range of B. ibis Үлгі:LeftlegendҮлгі:LeftlegendҮлгі:Leftlegend
| ||||||||||||||
Subspecies | ||||||||||||||
B. i. ibis (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Ardea ibis Linnaeus, 1758 |
Лимон түстес сары тұмсығы бар кішкене (тұрқы - 50 см шамасында) әдемі құтан. Күйттік жасану кезінде басында, төсінде және арқа бөлігінде қызыл қошқыл түсті ұзарып тарқатылған безендіруші қауырсындар пайда болады. Батпақты жерлерде өмір сүреді, дегенмен ірі тұяқты жануарлардың қатысына тәуелді. Тек қана бунақденелілермен қоректенеді десе де болады. Жайылған жануарлардан үріккен шегіртке тұқымдастарды көбінесе ерекше аулайды. Бұдан басқа, ұйысқан жүннің арасындағы әр алуан бунақденелілерді және кенелерді қопарыстырып, сиырдың және енекелердің (буйвол) арқасына қонақтауды ұнатады.
Біздің елде өте сирек кездеседі. Қазақстанда тек қана Каспий маңына ұшып өткенде кездеседі, алайда біздің шекараға тікелей таяу Еділдің сағасында ұялайды. Соңғы онжылдықта Ескі Дүниенің тропиктері мен субтропиктері бойынша күшті таралып мекендеуде, сондай-ақ Америкаға еніп, онда да таралып орнығуда.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.